Accessibility links

Қазақстан ішкі істер министрлігі нәресте сатпақ болғандарды анықтағанын хабарлады


Бүгін, 27 қарашада Қазақстанның ішкі істер министрлігі Алматы облысы мен Шымкент қаласында жаңа туған нәрестені сатуға талпыныс жасалғанын хабарлады.

Алматы облысында 24 жастағы әйел жүктілігіне жеті ай болғанда нәрестесін сататыны туралы желіге хабарлап, сатып алушы іздестірген. Тергеу мәліметіне қарағанда, "баласы жоқ отбасымен келіскен, олар кредитін өтеп беріп, орнына сәбиді алмақшы болған".

ІІМ ақпаратынша, қазан айында келісімді заңсыз жолмен жүзеге асырған. "Кәмелетке толмаған баланы сату" бабы бойынша іс қозғалған. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалған.

Тағы бір оқиға Шымкентте болған.

— 23 жастағы келіншек сәбиін сатып алушы іздеп, делдал арқылы көрші облыстан 45 жастағы әйелді тауып, келісімге келген. Оларға қылмыстық іс қозғалып, бала сәбилер үйіне өткізілді. Күдікті қамауға алындын,- деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмыспен күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Қолданыстағы заң бойынша, бала саудасымен айналысқандар бес жылдан тоғыз жылға дейін бостандығынан айырылады; мән-жайды ауырлататын фактілер болған жағдайда 18 жылға дейін сотталады.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, барлығы 39 қылмыс анықталған, оның ішінде біреуі - адам денесінің органдарын сату; үшеуі - еңбегін қанау мақсатымен адамды бостандығынан заңсыз айыру; жетеуі - адам сату, оның бесеуі - кәмелетке толмағандарды сату; үшеуі - жезөкшелікпен айналысуға тарту, 24-і - жезөкшелер үйі мен жеңгетайлық жасау фактісі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG