Accessibility links

Қырғызстан отбасында зорлық көрсететін адамға электронды білезік тағуды жоспарлап отыр


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Бүгін, 27 қарашада Қырғызстан әділет министрлігі қылмыстық процесте пайдаланылуы мүмкін электронды білезікті тестілеу басталғанын хабарлады. Мұны Азаттықтың қырғыз редакциясы жазды.

Ведомствоның айтуынша, бұл құрылғы "отбасындағы зорлық-зомбылықпен күресте өте тиімді екенін көрсеткен, өйткені электронды білезік күдіктінің белгілі бір субъектіге/тұлғаға/аумаққа жақындау радиусын шектейді. Қырғызстан әділет министрлігі бүгінде аталған білезікті пайдалану әдісін сараптап жатыр.

Бұған дейін Қырғызстан министрлер кабинетінің баспасөз қызметі заңға электронды білезік енгізу туралы Жорогку Кенешке заң жобасын ұсынғанын хабарлаған. Заң қабылданса, бұл құрылғы қылмыстық-атқару өндірісінде 2024 жылдан бастап қолданылады.

2022 жылы жазда Қырғызстан ішкі істер министрлігі Бішкек қаласының кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекторлары электронды білезікті қалай пайдалануды түрік полицейлерінен үйреніп жүрген хабарлаған.

"Түркия әйел мен бала құқығын қорғауда үлкен нәтижеге жетіп отыр... Зардап шеккен әйелге арнау күзет құралы - "стресс кнопкасын" пайдалану ұсынылады, ал зорлық-зомбылық көрсеткен ер адамға электроны білезік тағылады", – деген ведомство "мұның өте тиімді" екенін айтқан.

WPS (әйелдер қауіпсіздігі бойынша индекс) рейтингі бойынша, Қырғызстан қатарынан екі жыл Орталық Азиядағы елдер ішінде әйелдерге ең қауіпті ел саналған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG