Accessibility links

БҰҰ: Тәжікстан әйелдерінің 78 пайызы әртүрлі зорлық-зомбылыққа ұшырайды


Тәжікстан әйелдері әртүрлі зорлық-зомбылыққа ұшырайды. БҰҰ-ның Тәжікстандағы даму бағдарламасының офисі (UNDP) өткізген зерттеу қорытындысы осылай көрсеткен.

Зерттеу 2019 жылы жүргізілген, бірақ ол есептің мәліметтері биыл 27 қарашада жарияланып отыр. Бұл ұйымның Х әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) парақшасында тәжік әйелдерінің 31 пайызы экономикалық, 21 пайызы психологиялық, 20 пайызы физикалық және 6 пайызы сексуалдық зорлыққа кезігетіні айтылған. "Бірақ, өмірде мұнан әлдеқайда көбірек болуы мүмкін" дейді зерттеу авторлары.

Бұл есеп әйелдерге зорлық-зомбылықты жою жөніндегі халықаралық күн - 25 қарашада басталған "Гендер зорлық-зомбылығына қарсы белсенді 16 күн " кампаниясы шеңберінде жарияланған. Кампания 10 желтоқсанда - Адам құқығы күні аяқталады. Кампания мақсаты – қоғамды әйелдер мен қыздар құқығын құрметтеуге шақыру. Биыл БҰҰ бұл кампанияны "Зорлық ақталмайды" деген ұранмен өткізіп жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG