Accessibility links

ХАМАС тұтқынынан босаған тағы 11 адам Израильге келді


Еуропа одағы мен АҚШ террор ұйым деп таныған ХАМАС тобы өзі кепілде ұстап отырған тағы 11 адамды Қызыл Крестке берді. ХАМАС оларды 7 қазанда Израильге шабуыл жасағанда алып кеткен.

Би-би-сидің Орыс қызметінің хабарына қарағанда, босағандар арасында сегіз бала және үш ересек адам бар . Израиль премьер-министрі Биньямина Нетаньяхудың аға кеңесшісі Марк Регев BBC News телеарнасының эфирінде кепілден босағандардың үш жасқа дейінгі егіздер бар екенін нақтылап айтқан.

Ара ағайын Катар сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 11 адамның орнына Израиль 33 палестиналық тұтқынды босатқан. Ведомство хабарына қарағанда, бостандыққа шыққандар арасында Франция, Германия және Аргентинаның азаматтары бар. Олардың бәрінде қос азаматттық бар.

ХАМАС пен Израиль соғысыныдағы гуманитарлық үзіліс тағы екі күнге ұзартылды. Бұл жөніне келіссөзге қатысып жүрген Катар сыртқы істер министрлігінің өкілі хабарлады. Мұны ХАМАС өкілі де Reuters агенттігіне растаған. Әзірге Израиль тарапынан ресми түрде жауап жоқ. Бұған дейінгі келісім бойынша үзіліс сейсенбі күні таңертең аяқталуға тиіс.

Үзілістің ұзарғаны ХАМАС кепілге алып отырған Израиль мен шетел азаматтарын көбірек босатуға мүмкіндік береді. Тағы екі күнде ХАМАС күн сайын 10 адамнан босатады. Израиль оған жауап ретінде террорқа қатысы бар деген айыппен түрмеде отырған палестиналықтарды шығарады. Мұнан өзге үзіліс кезінде Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуге мүмкіндік туады.

Израиль ХАМАС-пен тікелей келіссөз жүргізіп отырған жоқ. Қазір оларға Катар, Египет, кейде АҚШ ара ағайын болып жүр.

  • Өткен аптаның жұмасында басталған төрт күндік гуманитарлық үзіліс кезінде ХАМАС 58 кепілді босатты. Оның ішінде Израиль әйелдері мен балалары және шетелдіктер бар. Израиль оған жауап ретінде 100-ден астам палестиналық тұтқынды түрмеден шығарды.
  • Израиль мұның үзіліс екенін, бітім еместігін және үзіліс аяқталған соң Израиль әскері Газа секторында ХАМАС-ты толық жоюға қайта кірісетінін әлденеше рет мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG