Accessibility links

Үндістанда жер астында қалған 41 құрылысшы 17 күннен соң құтқарылды


Үндістанның солтүстігінде Уттаракханд штатында 28 қарашада құтқару отряды тоннель астында шыға алмай қалған 41 жұмысшыны жер үстіне шығарды. Құтқару операциясы 17 күнге созылған. Бұл жөнінде халықаралық БАҚ жазды.

Үндістан көлік министрі Нитин Гадкари барлық жұмысшының құтқарылуына "қуанғанын мәлімдеп, мойнынан ауыр жүк түскендей жеңілдеп" қалғанын айтты.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди құтқарушылардың ерлігі мен шыдамдылығы тұтас елді қанаттандырғанын айтты.

Уттаракханд штатында жол тоннелі 12 қарашада опырылып құлап, 41 жұмысшы жер үстіне шыға алмай қалған. Жұмысшылар ұзындығы 825 шақырымға созылатын жылдам қозғалысқа арналған шоссенің бір бөлігін салып жатқан.

Тоннель салушыларды құтқаруға жүзден аса адам қатысқан. Жұмысшылар орналасқан жаққа ұңғыма қазылып, сол арқылы оларға тамақ пен дәрі-дәрмек жеткізіліп отырған.

XS
SM
MD
LG