Accessibility links

Жогорку Кеңеш қырғыз туын өзгертуді көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады


Қырғызстан парламенті 29 қарашада мемлекеттік туды өзгертуді көздейтін заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады. Бастаманы 66 депутат қолдады, сегіз депутат қарсы шықты.

Құжатты талқылау кезінде депутат Дастан Бекешев «қандай да бір ту елдің дамуына кедергі келтірмес» деген ойын ортаға салды.

«Мен туды өзгертудің мақсатын түсінбеймін» дейді ол.

Оның әріптесі Ерұлан Кокулов осы мәселе бойынша референдум өткізу керек деп санайды.

«Ол біздің жеке туымыз емес, әрбір азаматтың туы. Бұл мәселені референдум арқылы шешкен жөн. Мұндай шешімді Жогорку Кеңеш қабылдамауы керек. Заң жобасын, әдеттегідей, сұрақ қоюға мүмкіндік бермей өткізіп жатсыңдар» дейді ол.

Парламент спикері Нұрланбек Шәкиевтің айтуынша, мемлекеттік туды өзгертуге бюджеттен қаражат бөлінбейді.

Қазіргі ту (сол жақта) және депутаттар ұсынған ту (оң жақта)
Қазіргі ту (сол жақта) және депутаттар ұсынған ту (оң жақта)

Қырғызстан туындағы күннің сәулелерін өзгерту қажет деген ұсынысты депутат Ұлан Піримов пен Жогорку Кеңеш төрағасы Кеңеш Нұрланбек қазан айында айтқан. Бастаманы президент Садыр Жапаров қолдап, тудың өз нұсқасын ұсынған.

Қырғызстан мемлекеттік туын 1992 жылғы 3 наурызда Жогорку Кеңеш бекіткен. 5 наурызда ту алғаш рет қырғыз үкіметі ғимаратына тігілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG