Accessibility links

Украина Херсонда "ресейлік бес шенеунікті өлтірдік" дейді. ТАСС төрт полицейдің қазасы жайлы жазды


Украина қарулы күштері Херсон облысында Ресей оккупациялап алған Юбилейной ауылында ресейлік шенеуніктердің жиыны өтіп жатқан ғимаратқа шабуылдағанын, шабуылдан жоғары қызметтегі бес шенеунік қаза тапқанын хабарлады.

Ал Ресейдің ТАСС агенттігі Ресей ішкі істер министрлігінің бөлімшесіне шабуыл жасалып, төрт полицей қаза тапқанын, 18 адам жараланғанын жазды. Кремлшіл агенттіктің дереккөзі жараланғандардың арасында бес полицей барын, олар ауыр жараланып ауруханаға түскенін айтқан.

Astra телеграм-каналы төрт полицейдің қаза тапқанын, 17 адам жараланғанын жазады. Телеграм-каналдың дерегінше, қаза болғандар арасында бөлім басшылығындағы полицейлер бар.

Astra бұл бөлімшеде Ресейден келген полицейлер мен Ресейдің жағына өткен украиналық полицейлер жұмыс істегенін айтады.

Ресей қорғаныс министрлігі де, оккупацияланған Херсон облысындағы ресейшіл билік те бұл оқиға туралы ресми мәлімдеме жасамады.

Соғыс уақытында мұндай ақпараттарды тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру қиын.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG