Accessibility links

Алматыда өрт болған хостелден 13 адамның денесі табылды


Алматыдағы хостелдердің бірінде болған өрт. Алматы қалалық төтенше жағдай департаменті таратқан сурет. 30 қараша 2023 жыл.
Алматыдағы хостелдердің бірінде болған өрт. Алматы қалалық төтенше жағдай департаменті таратқан сурет. 30 қараша 2023 жыл.

30 қарашада таңертең Алматыда хостелдердің бірінде өрт болып, оқиға орнынан 13 адамның денесі табылды. Бұл жөнінде төтенше жағдай департаменті хабарлады.

"30 қарашада сағат 5:33-те Әди Шәріпов көшесіндегі өрт туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілердің алғашқы тобы оқиға орнына 7 минут ішінде жетті. Олар барған кезде үш қабатты тұрғын үйдің жертөлесінің жанып жатқанын көрген, ғимараттың бірінші қабаты мен жертөлесі хостел ретінде жабдықталған. Өртті барлау және сөндіру кезінде 13 адамның денесі табылды, аты-жөндері анықталып жатыр" деп хабарлады Алматы қалалық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

Әзірге толық емес ақпарат бойынша, олар газдан уланып қайтыс болған болуы мүмкін. Нақты себебі анықталып жатқаны хабарланды. Хостелде 72 адам болған, 59 адам өздігімен сыртқа шығып кеткен.

Ақпаратқа қарағанда, өрт 6:22-де сөндірілген. Өрт аумағы – 30 шаршы метр деп айтылады. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге 46 адам және 13 техника қатысқан.

Бірнеше адамның ауруханаға түскені хабарланды. Біреуі газдан уланған, жағдайы орташа ауыр. Тағы бір адам амбулаторлық емдеуге жіберілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG