Accessibility links

Ресей аумағына кіретін шетел ааматтарына "орыс билігін сынамау" жөнінде қағазға қол қою ұсынылды


Ресей ішкі істер министрлігі ел аумағына кіріп жатқан шетелдіктерді "адалдық жөнінде келісімге" қол қоюға міндеттеуді ұсынды.

Заң жобасы толықтырылып, мемлекеттік думаға жіберілгенін ТАСС агенттігі хабарлады.

Құжатқа сәйкес, Ресейге кірген шетел азаматтарына Ресей билігінің саясатына "күдік келтіруге", "фашизмді жеңудегі совет елінің еңбегін бұрмалауға" тыйым салынады. Сонымен бірге отбасылық құндылықтарға сыни пікір таратуға және ЛГБТ мәмілесін "насихаттауға" шектеу қойылады.

Бұдан бөлек шетел азаматтары Ресей заңдарын қабылдап, орыс мәдениетінің құндылықтарына күдік келтірмеуге тиіс.

Жаңа жобаға сәйкес, компанияда жұмыс істейтін қызметкерлердің бес пайызын ғана мигранттар құруы керек. Одан бөлек шеттен келгендерге мұғалім, дәрігер, такси жүргізушісі қызметіне тыйым салынады.

Концепцияны әзірлеген "Справедливая Россия" партиясы мектептердегі мигранттардың балаларының санын шектеуді, әскери қызметін өтеуден бас тартқан мигранттарды орыс азаматтығынан айыруды ұсынған.

Қазан айының ортасында тергеу комитетінің жетекшімі Александр Бастрыкин Ресей төлқұжаты бар мигранттар Украинадағы соғысқа барудан бас тартқан жағдайда азаматтықтан айыруды ұсынған еді. Ізінше Мәскеуде тергеу комитеті "әскери қызметтен жалтарды" деген айыппен Орталық Азия елдерінің бұрынғы азаматтарына қарсы 22 қылмыс қозғаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG