Accessibility links

"Алматы хостеліндегі" өрт: Жалға алушы қамауға алынды


Өрт болған хостел. Алматы, 30 қараша 2023 жыл.
Өрт болған хостел. Алматы, 30 қараша 2023 жыл.

Бас прокуратура 1 желтоқсанда "Алматы хостелдегі" өртке байланысты шағын хостелді жалға алған Мұхамедияров есімді адамды уақытша тергеу изоляторына қамауға алғанын хабарлады.

30 қарашада Алматыдағы хостелде шыққан өрттен 13 адам қаза тапқан.

"Өрттің шығу себебін анықтау үшін оқиға орнын қаралып, сараптама белгіленді, басқа да тергеу шаралары жүргізіліп жатыр" деді бас прокуратура.

Арнайы прокуратура "Өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу" бабы бойынша қылмыстық істі тергеуді бастағаны хабарланды. Бас прокуратура тергеу кезінде хостелге қатысы бар адамдардың барлығының әрекетіне баға беріледі деп мәлімдеді.

Өрттен қаза тапқан 9 марқұм Қазақстан азаматы, екеуі – Өзбекстан азаматы, екеуі – Ресей азаматы. Алдын ала дерек бойынша, өрт шыққанда хостелде 72 адам болған, 59 адам хостелден шығып үлгерген.

Төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпханов брифингте "мемлекеттік органдар хостелдің жұмыс істеп жатқанынан хабарсыз болғанын" айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG