Accessibility links

АҚШ вице-президенті Газаның болашағы туралы айтты


АҚШ вице-президенті Камала Харрис БҰҰ-ның климаттың өзгеруі мәселесіне арналған конференцияда сөйлеп тұр. Дубай, 2 желтоқсан 2023 жылү
АҚШ вице-президенті Камала Харрис БҰҰ-ның климаттың өзгеруі мәселесіне арналған конференцияда сөйлеп тұр. Дубай, 2 желтоқсан 2023 жылү

ХАМАС тобы мен Израиль әскері арасындағы қақтығыс қайта жалғасып жатқан шақта АҚШ вице-президенті Камала Харрис Газаның болашағына қатысты АҚШ ұстанымын жеткізді. ХАМАС тобы ЕО және АҚШ-та террористік ұйым танылған.

Харрис климаттың өзгеруі мәселесіне арналған Дубайдағы саммитте Таяу Шығыстағы қақтығыс туралы айтты. Ол Иорданның Батыс жағалауы мен Газа секторында болашақта тәуелсіз Палестина мемлекеті құрылатындай бірыңғай палестиналық басқарма қажеттігін атап өтті. Қазір палестиналықтар бақылап отырған Батыс жағалауды Палестина автономиясы, Газа секторын ХАМАС бақылап отыр.

Египет президенті Әбдел Фаттахпен келіссөз кезінде де Харрис "АҚШ палестиналықтарды Газадан немесе Батыс жағалаудан күштеп көшіруге жол бермейді" деді. Ол "ХАМАС Газаны бақылауда ұстамауға тиіс: бұл Израиль қауіпсіздігі мен палестиналықтардың игілігіне, аймақ қауіпсіздігіне қайшы" деді.

Харрис сонымен бірге ХАМАС кепілдікте ұстап отырған адамдарды босату үшін және Газаға гуманитарлық көмек берілуі үшін АҚШ жаңа гуманитарлық үзілісті қолдайтынын жеткізді. Ал ХАМАС өкілі сенбі күні ұзақ уақытқа созылатын атысты тоқтату туралы келісімсіз Израильде ұстаған 136 азаматты босатпайтынын айтты.

Израиль ХАМАС-тың түбіне жетпейінше әскери қимылды жалғастыра беретінін айтып отыр. Мұны сенбі күні Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху да растады. Дегенмен Израиль содырлар кепілдіктегі адамдарды босатса, үзіліс жасауға дайын екенін айтты.

Израиль өкілдері Газа секторын жаулауды көздемейтінін айтады. Дегенмен ХАМАС-ты биліктен шеттеткеннен кейін Газаны кім басқаруы тиіс деген сұрақ төңірегінде Израильдің ресми позициясы белгісіз.

XS
SM
MD
LG