Accessibility links

Швейцария ресейліктердің 8,8 млрд доллар активін бұғаттады


Швейцария Ресейдің Украинаға басқыншылығына байланысты енгізілген санкция аясында ресейліктердің 7,7 швейцариялық франк (8,8 млрд доллар) активін бұғаттады. Бұл жөнінде Швейцария мемлекеттік экономика хатшылығына сүйенген Reuters хабарлады.

Бұл былтыр ЕО-ның санкциясына қосылғаннан кейін Швейцария бұғаттаған 7,5 млрд франкпен салыстырғанда сәл көбірек. SECO өкілдерінің айтуынша, бұл көрсеткіш өзгеруі мүмкін. Нақтырақ мәлімет 2024 жылдың екінші тоқсанының соңында – швейцариялық банктер үкімет алдында есеп берген кезде белгілі болады.

Бұғатталған активтер көлемінің көбеюі кейінгі кезде санкция тізіміне 300 адам мен 100 компанияның қосылуымен байланысты. Бұғатталған активтер арасында қаржылай депозит, облигация, акция, жылжымайтын мүлік және бағалы көліктертерден түсетін кірістер де бар. Reuters-тің жазуынша, ресейліктердің Швейцариядағы байлықтарының шағын бөлігі ғана бұғатталып отыр. Швейцария банкирлер қауымдастығының есебінше, ресейліктердің швейцария банктерінде шамамен 150 млрд франк қаражаты (171 млрд доллар) бар

Берн сонымен бірге Ресей орталық банкіне тиесілі құны 7,4 млрд франк (8,4 млрд доллар) болатын валюталық активтерді бұғаттаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG