Accessibility links

НАТО: Украинаны қандай жағдайда да қолдауға тиіспіз


НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг
НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Германияның Das Erste телеарнасына берген сұқбатында Украинадағы жағдайдың қиын екенін айтты.

"Біз жағымсыз жаңалықтарға да дайын болуымыз керек. бірақ біз Украинаны қай кездеде қолдауға тиіспіз", — деді Столтенберг.

Ол Батыстағы одақтастары Киевке жеткілікті оқ-дәрініңі уақытылы жеткізе алмағанын мойындады.

Журналистің "Украина әскері қазір қалай әрекет етуге тиіс" деген сұрағына Столтенберг жауап бермеді. НАТО бас хатшысы күрделі шешімді Украина басшысы мен әскери басшылығы қабылдайды деп атап өтті.

Қарашаның басында Economist журналы Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужныйдың сұқбатын жариялаған. Залужный сұқбатында майдан тығырыққа тірелгенін, мұнан былай ұзаққа созылатын позициялық соғысқа айналатын айтқан.

Залужныйдың сұқбатынан кейін Украина президент Владимир Зеленский сөйлеп, жағдайды пат деп санамайтынын мәлімдеген, бірақ ұрыс алаңындағы жағдай күрделі екенін растаған.

Екеуі де Украинаға жеткілікті қару-жарақ пен әскери ұшақ берілсе, шабуылда табысқа жететініне сенімді екенін білдірген.

Associated Press агенттігімен таяуда сөйлескен Зеленский қару-жарақ жеткіліксіздігіне байланысты күткендегідей нәтижеге жете алмағанын хабарлаған. Бірақ ол Киев өзіне сенімді екенін, капитуляция жасайтын ойы жоқтығын мәлімдеген. Зеленский әлемдік қауымдастық назары Таяу Шығыстағы жанжалға ауып кеткенін де еске салған.

  • Қазан айында АҚШ президенті Джо Байден Украинаға 61,4 миллиард, Израильге 14,3 миллиард көмек бөлуді конгресстен сұраған. Бірақ конгресс әлі күнге қолдамаған. АҚШ осы мәселеге байланысты Украинаға көмек азайғанын мойындаған. Мұны Азаттықтың Украин редакциясы хабарлады.
  • Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель көктемде үш сатылы жоспарын жариялаған. Бұл жоспар бойынша Еуропа одағы Украинаға бір жыл ішінде миллион артиллериялық оқ-дәрі беруге тиіс. Бірақ жыл соңында бұл уәде жеткілікті орындай алмай жатқаны белгілі болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG