Түркістан облысында төрт жасар сәби - Айбар Бақыттың денесі көрші үйдің септигінен табылған. Сәбиді үш күн бойы іздеген. Мұны жексенбіде полиция хабарлады.
"Сәбидің денесі сот-медициналық сараптамадан өткізілді. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ" деп хабарлады ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Сәбидің жоғалғанын 1 желтоқсанда полицияға әкесі хабарлаған. Ұлының көшеге ойнауға шығып қайта оралмағанын айтқан.
Жоғалған сәбиді полиция департаментінің қызметкерлері, құтқарушылар, еріктілер мен әскери қызметкерлер іздеген. Сәбидің тұр-тұлғасы мен ерекше белгілері әлеуметтік желі мен жергілікті БАҚ-қа жарияланған.
Септиктерді орталық канализация жүйесі жоқ жер үйлер пайдаланады.
ПІКІРЛЕР