Accessibility links

Алматы әкімдігі феминистерге "Қазақстан әйелдері зорлыққа қарсы" атты митинг өткізуге рұқсат бермеді


Алматыда әйел құқығына арналған митингілердің бірі.
Алматыда әйел құқығына арналған митингілердің бірі.

Алматы қаласы әкімдігі "Феминита" бастамасына "Қазақстан әйелдері зорлыққа қарсы" атты бейбіт митинг өткізуге рұқсат бермеді.

"Феминита" феминистік бастамасы Алматы әкімдігіне 9 желтоқсанда Шоқан Уәлиханов алаңында бейбіт митинг өткізгісі келетінін айтып, ескерту тапсырған.

"Бүгін, 4 желтоқсанда Алматы қаласы әкімдігінің өкілі Аманжол Мұсаев Жанар Секербаеваға хабарласып, 9 желтоқсанда Уәлиханов алаңында кезекті жөндеу жұмыстары жүретінін айтқан. Яғни, әкімдік зорлық-зомбылыққа қарсы митингіге рұқсат бермеді" деп мәлімдеді "Феминита" инстаграм парақшасында.

Әкімдік өкілі митинг өткізуге арналған Сарыарқа кинотеатрының маңында мәдени-қоғамдық шара жоспарланғанын айтқан. Сондықтан феминистер Махатма Ганди паркінде митинг өткізуді сұрап, әкімдікке жаңа ескерту тапсырған.

  • Қазақстанда жұрт бейбіт митинг өткізу үшін жергілікті әкімдікке алдын ала ескертуі тиіс. Бірақ билік көбіне түрлі себеппен бейбіт митингілерге рұқсат бере бермейді. Рұқсат етпеген митингіге шыққандар 10-15 күнге қамалуы я айыппұл төлейді.
  • Өткен айда Салтанат Нүкенованың қазасынан кейін елде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны күшейту мәселесі қайта талқылана бастады. Нүкенованың қазасына оның күйеуі, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев күдікті ретінде қамауға алынған. Белсенділер мен құқық қорғаушылар тұрмыстық-зорлық зомбылықты "фемицид" деп танып, қылмыстық жаза тағайындауды талап етеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG