Accessibility links

Евгений Пригожиннің ұлы әкесінің екі компаниясын алды


59512217
59512217

Жекеменшік "Вагнер" әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожиннің ұлы Павел Пригожин әкесінен қалған екі компанияға ие болды. Мұны "СПАРК-Интерфакс" базасына сілтеп, Daily Storm телеграм-арнасы хабарлады.

Сөз - азық-түлік жеткізу жөнінде мемлекеттік тапсырыс арқылы миллиардтаған рубль пайда тауып отырған "Конкорд менеджмент и консалтинг" және "Конкорд кейтеринг" компаниялары туралы.

"Фонтанка" басылымы Евгений Пригожиннің ұлы биыл 8 қыркүйекте ашылған мұрагерлік туралы өсиет бойынша "сенімді басқарушы" болып тағайындалған.

  • 23 тамызда Евгений Пригожин мінген жекеменшік Embraer ұшағы әуеде жарылып, Пригожин де, серіктері де өлген.
  • Өлерінен екі ай бұрын Пригожин бастаған жасақ Ресей қорғаныс министрлігіне қарсы бүлік шығарып, Мәскеуге кіруге аз-ақ қалған еді.
  • Ресей президенті Владимир Путин бастапқыда "Вагнер" мемлекетке сатқындық жасады деп айыптаған, Пригожиннің үстінен қылмыстық іс қозғатқан. Кейін Александр Лукашенконың араласуымен "Вагнер" беларусь жеріне кеткен. Путин бүлікшілерді қудаламауға уәде берген. Пригожин ұшағы жарылғанда Ресей президенті "тергеу комитетінің айтуына қарағанда ұшақтағы оқ-дәрі жарылған" дейтін емеурін тастаған. Тергеу әлі аяқталмаған. Пригожиннің ұшағы атып түсірілген дейтін болжамдар бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG