Accessibility links

Жемқорлықпен күрес қызметі Алматы облысының үш судьясынан күдіктенген


Жемқорлықпен күрес қызметі Алматы облысының үш судьясы жемқорлықпен айналысты деген күдікке ілінгенін хабарлады. Тергеу нұсқасына қарағанда, олардың бірі "адам өлтіру" бабын "қылмыс туралы хабарламау" туралы бапқа өзгерту мәселесін "шешуге" дайын болған.

Жемқорлықпен күрес қызметінің хабарына қарағанда, күдікке ілінгендердің бірі - Қонаев қалалық сотының төрғасы. Ол "кісі өлтіруден хабарламауға дейінгі әрекеттерді қайта саралау туралы мәселені шешу сылтауымен ірі мөлшерде алаяқтық жолмен ақша алған".

Талғар аудандық сотының судьясы "сот орындаушысы арқылы кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыс жасаған адамға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрін өзгерту туралы оң шешім шығарғаны үшін ақшалай сыйақы алған".

Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы "кәсіпкерден миллиардтаған салық берешегі бар екі компанияны банкрот деп тану туралы заңсыз шешімдер шығарғаны үшін пара алды деп айыпталған".

"Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі" дейді соттың баспасөз қызметі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG