Accessibility links

SIPRI: Украинадағы соғысқа қарамастан қару-жарақ компанияларының табысы азайған


Ресей Украинаға басып кіргеніне қарамастан қару-жарақ сату мен әскерге қызмет көрсететін қорғаныс саласындағы аса ірі 100 компанияның табысы 2022 жылғы табысымен салыстырғанда үш жарым пайызға азайған.

Мұны Стокгольм халықаралық институтының (SIPRI) 4 желтоқсанда жариялаған зерттеуінен көруге болады. Мұндай компаниялар былтыр 597 миллиард доллар табыс тапқан.

Табысы біраз азайған компаниялар АҚШ-тікі. Американың 42 компаниясы былтырғыдан сегіз пайыз аз пайда тапқан.

Алғашқы жүздікке кіретін Еуропа компаниялары 0,9 пайыз өсім көрсеткен. Бәрінен Bayraktar дронын шығаратын Түркияның Baykar компаниясы көп табыс тапқан. 2022 жылдан бергі табысы екі есе көбейген.

Америка мен Еуропа өндірушілері Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қарамастан өндірісін ұлғайта алмаған. Сарапшылар мұны жұмыс қолының тапшылығына, шығындардың көбейгеніне және жеткізілімнің оралымсыздығына байланыстырған.

"Қару-жарақ компаниялары жоғары қарқынмен қару-жарақ өндіруге дайын болмаған" делінген баяндамада. Оның үстіне, көп тапсырыс жылдың соңына түскен, сол себепті сұраныстың өскені 2022 жылғы табысқа енбеген.

"Әзірге орындалмаған тапсырыстар мен жаңа келісімшарттардың күрт көбейгені алдағы жылдары қару-жарақ саудасындағы табыстың еселеп өсетінін көрсетеді" дейді SIPRI.

Қару-жарақ өндіретін ірі 100 компания қатарына Ресейден "Ростех" және "Біріккен кеме жасау корпорациясы" ғана кірген. Зерттеушілер мұны Ресей қорғаныс өнеркәсібінің мәліметтерді толық бермей отырғанынан көреді. Екі фирманың қару-жарақ сатудан түсетін табысы 2022 жылы 12 пайызға азайған. Бұл - "қару-жарақ өндірісін күрт ұлғайттық" деген Ресей билігінен мәлімдемесіне сай келмейді. Зерттеу авторлары мұндай қайшылықты инфляция қарқыныың күшейгенімен және Ресей қару-жарағы экспортының азайғанымен де байланыстырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG