Accessibility links

АҚШ Израильді Газадағы бейбіт тұрғындардың қырылуына жол бермеуге шақырды


Израиль армиясының Газа секторындағы әскери қимылдарынан әлі адам қырылып жатыр. Бұл жөнінде Reuters агенттігі хабарлады.

АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі одақтасына қысым жасауға талпынып, Израильді Газа секторының оңтүстігіндегі бейбіт тұрғындардың қырылуына жол бермеуге үгіттеп жатыр. Вашингтон қысым көрсету әдісі ретінде Израильге әскери көмекті қысқартуды пайдалануы ықтимал. Reuters осыған назар аударған.

АҚШ вице-президенті Камал Харрис пен мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен Израильді әскери операциясын бейбіт халық зардап шекпес үшін мейлінші дәл жүргізуге шақырған.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху "Газа секторы демилитаризациялануға тиіс", мұны "Израиль армиясы ғана қамтамасыз ете алады" деп тағы мәлімдеді.

The Times of Israel басылымының хабарлауынша, Хан-Юнис қаласында құрлықтағы операция басталғалы бері кескілескен ұрыс жүріп жатыр.

ЦАХАЛ бас штабының басшысы Герци Халевидің мәлімдеуінше, Жан-Юнис қоршауға алынған, Газа секторында ХАМАС-қа қарсы құрлықтағы операцияның үшінші кезеңі басталған.

Газа секторы жақтан Израильге зымыран атқыланып жатқаны да хабарланды.

ХАМАС бақылауындағы денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соғыс басталғалы бері Газада қаза болған адамдар саны 16 мыңға жуықтаған. Министрліктің мәліметінше, әскери әрекеттерден 15 900 адам өлген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG