Accessibility links

Time журналы әнші Тейлор Свифтті "Жыл адамы" деп таныды


Әнші Тейлор Свифт
Әнші Тейлор Свифт

Time журналы америкалық 33 жастағы әнші Тейлор Свифтті "Жыл адамы" деп таныды.

Журналдың бұл атағына биыл Владимир Путин, Қытай басшысы Си Цзиньпин, OpenAI негізінін қалаушы Сэм Альтман, Барби, Ұлыбритания королі Чарльз ІІІ үміткер болған.

Forbes журналының дерегінше, әнші биыл The Eras Tour деген концертін 56 рет қойып, 305 миллион доллар пайда тапқан. Әншінің турына қызығушылар көп болғаны сонша концертке билет лотерея жүйесімен сатылған еді.

Свифт – 200 миллионнан аса пластинка сатқан әнші. Ол "Грэмми" сыйлығын 12-рет иеленген. American Music Awards сыйлығында 40-рет топ жарған. Оның концертінен түскен пайда кейбір елдердің бюджетінен асып кетеді. Тейлор Свифттің концерті АҚШ-тағы туризмді дамытып, елдің ЖІӨ-нің бір бөлігіне айналды.

Былтыр Time журналы Украина президенті Владимир Зеленскийді "жыл адамы" деп таныған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG