Accessibility links

Құқық қорғаушы "Алға, Қазақстан" белсенділерінің қалай ұсталғанын айтты


Құқық қорғаушы Айдар Сыздықов. Астана, 6 желтоқсан 2023 жыл.
Құқық қорғаушы Айдар Сыздықов. Астана, 6 желтоқсан 2023 жыл.

Азаматтық белсенді Әсет Әбішев пен құқық қорғаушы Айдар Сыздықов полицияда әкімшілік сотты күтіп отыр. Құқық қорғаушы Сергей Измайлов Facebook парақшасында осылай деп мәлімдеді.

6 желтоқсанда үшеуі де Астанадағы әкімшілік жазаға тартылғандар отыратын қамау мекемесінің алдында ұсталған. Олар мекемеге белсенді Қанатхан Әміреновті қарсы алу үшін барған.

Ұзақ күткеннен кейін белсенділер мекеме өкілдерінен дәретхана сұраған, себебі ғимарат маңында дәретхана болмаған. Бұдан соң Измайловтың айтуынша, мекеме кезекшісі полиция шақырған. Полиция оларды күштеп ұстады.

Измайловтың айтуынша, Әсет Әбішев пен Айдар Сыздықов "ұсақ бұзақылық жасады" және "полицияға бағынбады" деп айыпталып отыр. Сот 7 желтоқсанда өтуге тиіс.

Измайловтың сөзінше, бастапқыда оларды куәландыруға апарып, содан кейін Байқоңыр аудандық полиция бөлімшесіне жеткізген.

Ішкі істер министрлігінің өкілі белсенділердің ұсталуына Астана қалалық полиция департаменті түсініктеме беретінін айтты. Ал полиция әзірге түсініктеме бермеді.

Измайлов оқиғаны "Алға, Қазақстан" партиясын тіркеуге кезекті рет өтініш беру талпынысымен байланыстырады. Бұған дейін тіркелмеген партия өкілдері партияны тіркеу бойынша құжатарды 15 желтоқсанда тапсыратынын мәлімдеген.

  • Астанада Қанатхан Әміренов және тағы бірнеше белсенді "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" деген айыппен өткен айда әкімшілік қамауға алынған.
XS
SM
MD
LG