Accessibility links

Рыбакина 2023 жылы ең көп пайда тапқан он әйел спортшының қатарына енді


Елена Рыбакина
Елена Рыбакина

Спорт және бизнес тақырыбында жазатын халықаралық Sportico сайтының рейтингінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемде 2023 жылы ең көп пайда тапқан он әйел спортшының қатарына енді. Қазақстан теннисшінің 2023 жылғы табысы 9,5 млн доллар болған. Бұл сомаға спортшының жарыстарда алған сыйақысы мен жарнамадан түскен табыстары есептелген.

Рыбакина биыл Australian Open жарысының финалына шықты. Индиан-Уэллс (АҚШ) пен Римдегі (Италия) ірі турнирдің жеңімпазы атанды. Бұдан бөлек, спортшының бірнеше брендпен жарнамалық келісім-шарты бар.

2023 жылы ең көп пайда тапқан он әйел спортшы:

  1. Коко Гауфф (АҚШ, теннис) – 22,7 млн доллар
  2. Ига Швантек (Польша, теннис) – 21,9 млн доллар
  3. Эйлин Гу (Қытай, қысқы фристайл) – 20 млн доллар
  4. Эмма Радукану (Ұлыбритания, теннис) – 16,2 млн доллар
  5. Наоми Осака (Жапония, теннис) – 15 млн доллар
  6. Арина Соболенко (Беларусь, теннис) – 12,2 млн доллар
  7. Елена Рыбакина (Қазақстан, теннис) – 9,5 млн доллар
  8. Джессика Пегула (АҚШ, теннис) – 9 млн доллар
  9. Симона Байлз (АҚШ, спорт гимнастикасы) – 8,5 млн доллар
  10. Нелли Корда (АҚШ, гольф) – 7,9 млн доллар.

Рыбакина 2022 жылы Лондонда өткен Wimbledon жарысында жеңімпаз атанып, Grand Slam жарыстарында жекелей сында жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық теннисші болған.

Рыбакина карьерасының басында Ресей атынан жарыстарға қатыспақ болған. Бірақ Ресейде қаржы тапшылығына байланысты 2018 жылы маусымда Қазақстан теннис федерациясының шақыртуымен (федерацияны қазақстандық миллионер Болат Өтемұратов басқарады) Қазақстан азаматтығын алған. Қазақстан алғашында теннисшіге қаржылай көмек көрсеткен еді. Рыбакина әр жеңісіне Қазақстанның қосқан үлесі көп екенін жиі айтады. Спортшы жарыста жеңген қаржысынан қазақстандық жас теннисшілерге көмек ретінде ақша да аударғанын айтқан.

Теннисшіні хорватиялық маман Стефано Вуков жаттықтырады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG