Accessibility links

Қырғызстанда белсенді Афтандил Жоробековке "жаппай тәртіпсіздікке шақырды" деген айып тағылды


Афтандил Жоробеков
Афтандил Жоробеков

Қырғызстанда мемлекеттік туды өзгертуге қарсы шыққан белсенді Афтандил Жоробековке "жаппай тәртіпсіздікке шақырды" деген айып тағылды.

Бұл жөнінде 7 желтоқсанда адвокаты Махабат Мамасалиева хабарлады. Адвокаттың сөзінше, Бішкек қалалық милициясы Жоробековке 6 желтоқсанда Facebook парақшасында жариялаған видео бойынша іс қозғаған. Видеода белсенді соңғы үш жылда Қырғызстан экономикасында "ілгерілеушілік жоғын" айтып, туды өзгертуге қарсылығын білдірген.

Адвокат Мамасалиева Жоробековті 48 сағатқа қамауға алу туралы шешім шығарылғанын растады. Одан бөлек үйіне тінту жүргізілген.

Құқық қорғаушы Гүлшайыр Әбдірасулова қамалған белсендінің үйіне тінту жүргізу үшін адамдар келгенін Facebook-қа жариялады.

Бұл баппен айыпты деп танылғандар бес жылдан сегіз жылға дейін еркінен айырылуы мүмкін.

Қырғызстан туындағы күннің сәулелерін өзгерту қажет деген ұсынысты депутат Ұлан Піримов пен Жогорку Кеңеш төрағасы Кеңеш Нұрланбек қазан айында айтқан. Бастаманы президент Садыр Жапаров қолдап, тудың өз нұсқасын ұсынған. Бастама авторларының айтуынша, Қырғызстан туындағы Күн "күнбағысқа ұқсайды". Бұған дейін қырғыз парламенті туды өзгерту туралы заң жобасын мақұлдаған. Ал қоғамда бұған қатысты халық пікірі әртүрлі. Кейбірі "елде тудан басқа шешетін мәселе қалмаған ба?" десе, кейбірі "мемлекеттік іргетасы тудан басталады" деп туды өзгертуді қолдаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG