Accessibility links

Путин президент сайлауына қатысатынын растады


Ресей президенті Владимир Путин
Ресей президенті Владимир Путин

Ресей президенті Владимир Путин Кремльдегі марапаттау рәсімінде 2024 жылғы президент сайлауына қатысатынын растады.

Бұған дейін Путин сайлауға қатысатынын мәлімдемеген. Алайда ақпарат құралдарындағы дереккөздер оның сайлауға қатысатынына күмән келтірмеген.

7 желтоқсанда Ресей парламентінің жоғарғы кеңесі президент сайлауының мерзімін жариялаған. Ол келесі жылы 17 наурызда өтеді.

2020 жылы қабылданған Конституцияға өзгертулер Путинге бесінші мерзімге сайлануға мүмкіндік береді.

Ресей және халықаралық ақпарат құралдары президент әкімшілігіндегі дерекөздерге сүйене отырып, Кремль "оңай жеңістен үміттеніп отыр" деп жазды. "Медуза" және "Вёрстки" басылымдарының жазуынша, шенеуніктерге Путинге 80 пайыздан астам дауыс әперу туралы міндет қойылған.

Сайлауға қатысатынын Геннадий Зюганов, мемлекеттік думаның бұрынғы депутаты Борис Надеждин, Донецкідегі ресейшіл сеператист Игорь Стрелков (Гиркин), журналист Екатерина Дунцова мәлімдеген. "Новые люди" партиясының баспасөз қызметі сайлауға кандидат ұсынатынын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG