Accessibility links

ХОК Ресей мен Беларусь спортшыларына Париж олимпиадасына қатысуға рұқсат етті


Халықаралық олимпиада комитеті Ресей мен Беларусь спортшыларын 2024 жылы Парижде өтетін олимпиада ойындарына бейтарап статуспен қатысуға рұқсат берді. Мұндай шешімді ХОК атқару комитеті қабылдады.

Париж олимпиадасына жеке спортшылар ғана қатыса алады, Ресей мен Беларусь командалық жарыстарға қатыспайды.

Бұдан бөлек олимпиадаға Ресейдің Украинаға басқыншылығын жария түрде қолдамаған спортшылар, Ресей мен Беларусьтің қарулы күштеріне қатысы жоқ атлеттер қатысады.

Париж олимпиадасына Ресей мен Беларусьтің шенеуніктері мен ресми өкілдері шақырылмайды.

Бұған дейін Еуропаның бірнеше елі және Украина Ресей мен Беларусь спортшылары Париж олимпиадасына қатысуға рұқсат алса, бойкот жариялауы мүмкін екенін айтқан.

Қазірге дейін олимпиадаға сегіз ресейлік, үш беларусь атлеті ғана іріктеуден өткен. Көп спортшы халықаралық жарыстарға қатыса алмағандықтан жолдама ала алмай отыр. 2022 жылы 24 ақпанда Ресей Украинаға басып кіргенде ХОК пен халықаралық федерациялар Ресей және Беларусь спортшыларын жарыстан шеттеткен.

Париж олимпиадасы 2024 жылы 26 шілде - 11 тамыз аралығында өтеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG