Accessibility links

Навальныйдың жақтастары саясаткерден хабар үзілгенін айтты


Алексей Навальный
Алексей Навальный

Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың жақтастары саясаткерден хабар үзілгенін айтты. Руслан Шаветдинов және Кира Ярмыш әлеуметтік желіде үш күннен бері Навальныйдың қайда екенін біле алмай отырғанын жазды.

Жақтастарының мәліметінше, Навальныйдың денсаулығы нашарлап, оған система қойған. Шаветдинов және Ярмыштың айтуынша, саясаткерге тамақ бермей, желдеткіші жоқ карцерге қамаған. Серуендеу құқығын барынша қысқартқан. Тамақ ішпей, әлсіреген Навальный құлап қалуы мүмкін деп топшылайды жақтастары.

Ярмыштың айтуынша, осы аптада оппозиционерден хат келмеген, ал оған жіберілген хаттар жетпей жатыр.

8 желтоқсанда Навальныйды сот отырысына видеобайланыспен шығармады. Владимир облысындағы колония қызметкерлері "камерада электр энергиясымен мәселе туындағанын" айтты.

6-7 желтоқсанда Навальныйға адвокаттарын кіргізбеген.

  • Осы аптада Ресейде президент сайлауы күні белгіленген күні Навальныйдың жақтастары Владимир Путиннің сайлануына қарсы үгіт-насихат кампаниясын бастайтынын мәлімдеген. Бұл жөнінде Навальный мен Жемқорлықпен күрес қорының әлеуметтік желідегі парақшаларында айтылды.
  • 2023 жылы тамызда Мәскеу қалалық соты Навальныйды "экстремистік қауымдастық құрды", "экстремизмге шақырды, оны қаржыландырды" деп танып, 19 жылға бас бостандығынан айырып, қатаң режимдегі колонияға жіберген.
  • Қазір Навальный Владимир облысындағы қатаң режимдегі колонияда алаяқтық бабымен қамауда отыр. Биыл қыркүйекте оны "түзелмейтін адам" ретінде "бірыңғай камера тектес орынға" қамаған. Өзінің жазуынша, "колониялардағы ең қатаң жаза осы ".
  • Саясаткер 20 рет айыппұл изоляторына қамалған. Оған мысалы, жейдесінің түймеленбей қалуы немесе қоршауды жуудан бас тарту сияқты жайттар түрткі болған.
  • Навальный тағылған айыптарды мойындамайды, құқық қорғаушылар оны саяси тұтқын деп таныған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG