Accessibility links

Жаңа әскери көмек: Берлин Киевке гранатомет, барлаушы-дрондар, әскери техника береді


Немістің VECTOR барлаушы-дроны.
Немістің VECTOR барлаушы-дроны.

Германия Украинаға жаңа әскери көмек береді. Пакетте өзге жабдықтардан бөлек, он VECTOR барлаушы дроны бар. Бұл жөнінде Германия үкіметінің сайты хабарлады.

Барлаушы-дрондардан бөлек, жаңа пакетте:

  • 70 дана MGW автоматты гранатомет,
  • 30 дана GMG гранатомет,
  • 1000 артиллериялық оқ-дәрі (155-мм калибрлі),
  • 1 дана LUNA NG барлау кешені,
  • 6 дана патрульдік шекара көлігі,
  • 8 дана Zetros маркалы жүк көлігі,
  • 100 000 дана дәрі-дәрмек қорабы бар.

2 желтоқсанда Германия үкіметі Украинаға дрон анықтайтын құралдар, артиллериялық оқ-дәрі, винтовкалар мен оларға арналған оқ, әскери техника беретінін мәлімдеген.

Украинаға көмек көлемі жағынан Германия АҚШ-тан кейін екінші орында тұр. Германия үкіметінің мәліметінше, Ресей басқыншылығы басталғалы бері Германия Украинаға шамамен 24 млрд еуро әскери көмек берген. Ол Киевке гуманитарлық көмек, тікелей төлем және қару-жарақ түрінде берілді.

XS
SM
MD
LG