Accessibility links

Қазақстан қызылша жұқтырғандар саны бойынша әлемдегі алғашқы үштікте тұр


АҚШ-тың ауруды бақылау және алдын алу жөніндегі орталығы (CDC) қызылша дерті өршіп жатқан елдер тізімін жаңартты. Қызылшамен ауыратын науқастар бойынша бірінші орында Йемен (25 мыңнан аса), екінші орында Үндістан (15 мыңға жуық) тұр. Есепте үшінші тұрған Қазақстанда 12 985 жағдай тіркелген деп көрсетілген.

CDC орталығының есебі қарашаның басында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған дерекке негізделген. Онда 2023 жылғы мамырынан 2023 жылдың қазанына дейінгі кезең қамтылған.

6 желтоқсанда Қазақстан денсаулық сақтау министрлігіне қарасты "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының" басшысы Манар Смағұл елде қызылшамен ауырғандар 20 мыңнан асты деген мәлімет таратқан.

Қарашаның соңында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда жыл басынан бері 17 мың адам қызылшамен ауырғанын, оның алты мыңы қызылшаны қараша айында жұқтырғанын мәлімдеген. Министрдің сөзінше, қызылша жұқтырғандардың 82 пайыздан астамы - балалар, олардың көпшілігі екпе алмаған. Ауырғандардың 65 пайыздан астамы - бес жасқа дейінгі сәбилер.

Қарашаның ортасында денсаулық сақтау министрлігі қосымша жаппай егу үшін Қазақстанға қызылшаға қарсы 500 мың доза вакцина әкелінгенін хабарлаған. Қараша айынан бастап 1 жасқа дейінгі нәрестелер мен 2-3 жастағы сәбилерге жаппай вакцина егу басталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG