Accessibility links

Қазақстан есірткіні үйде пайдаланғандарды әкімшілік жауапкершілікке тартпақ


Қазақстан үйде немесе көлікте есірткі пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізуді көздейді. Депутат Снежанна Имашева мәжілісте "есірткі мен психотроп заттарды беймедициналық мақсатпен пайдалану" туралы заң жобасы қарастырылып, қайтадан әкімшілік жауапқа тарту көзделіп жатқанын айтты.

Имашеваның сөзінше, 2014 жылға дейін Қазақстанда есірткіні беймедициналық мақсатпен пайдаланғаны үшін әкімшілік жауап қарастырылған, кейін оны Қылмыстық кодекске ауыстырып, тек қоғамдық орындарда пайдаланғандар ғана жауапқа тартылған. Үйінде пайдаланғандарға жауапкершілік көзделмеген. Енді заңнама комитеті қылмыстық кодекспен қатар, әкімшілік кодекске де енгізуді қарастырып отыр.

Депутат әкімшілік жауапкершілік енгізілсе, "есірткіні беймедициналық мақсатпен пайдалануға толық тыйым салуға болады" деп санайды.

Мәжілістің осы отырысында ішкі істер министрі Ержан Сәденов есірткі мен прекурсор өндіру мен таратқаны, яғни есірткі лабороториясын ұйымдастырғаны үшін жазаны қатайту жөнінде заңға түзету енгізіліп жатқанын хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG