Accessibility links

Экономика министрлігі үкімет мүшелерінің жалақысын айтудан бас тартты


Министрлер үйі. Астана
Министрлер үйі. Астана

Ұлттық экономика министрлігі министрлер кабинеті мүшелерінің жалақысын айтудан бас тартты. Азаттықтың ресми хатына министрлік мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы тек "қызметтік қолданыс үшін" айталады деген.

Қарашаның соңында мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналистерге айлығы бір миллион 300 мың теңге екенін (қазіргі курспен 2,8 мың доллар) айтқан. Балаева "миллиардтаған бюджеттер мен министрлікке қарайтын ұйымдарға жауапты адам ретінде бұл жалақы жұмысына лайық екенін" жеткізген. Бірақ министр қолға өзі айтқан сомадан аз алатынын мәлімдеген.

Қарашада қаржы министрі, премьердің орынбасары Ерұлан Жамаубаев министрлердің жалақысы стажы мен квалификациясына байланысты деген еді.

"Меніңше, кемі 500-600 мың теңге. Ал ең көбі стажына байланысты 1,5 – 1,7 млн теңгеге дейін барады" деген Жамаубаев. Бірақ премьердің орынбасары үкімет басшысының жалақысын айтпаған.

2021 жылдың соңында сол кездегі ішкі істер министрі Ерлан Тұрғамбаев айлығым бір миллион 300 мың теңге (сол кездегі курспен 3 мың доллардай) деген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG