Accessibility links

Ақмола облысында аязда тұрып қалған автобустан Тәжікстан мен Өзбекстан азаматтары эвакуацияланды


9 желтоқсанға ауған түні Тәжікстанның 26 азаматы, Өзбекстанның екі азматы Ақмола облысындағы трассадан эвакуация жасалып, Көкшетаудағы арнайы пунктіге жеткізілген.

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, шетелдіктер мінген автобус Астана – Петропавл тас жолында аяздан тоқтап қалған. Бір жолаушы автобус жолда үш сағат тұрып қалғанын айтқан.

Эвакуацияланған адамдарды жылы бөлмелерге орналастырып, тамақ пен шай берілгені хабарланды. Қазір Қазақстанның бірнеше аймағында күн аяздатып, -30 градусқа дейін суытып кетті. Аязға байланысты біраз аймақта жолдар жабылған.

2018 жылы 18 қаңтарда Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Өзбекстан азматтары мінген автобус жанып кетіп, 58 адам қаза тапқан. Екі жолаушы мен үш жүргізуші аман қалған. Осы оқиғадан соң жүргізушілердің әрқайсы бес жылға сотталған еді. Ал көлім компаниясының иесі мен механик үш жарым жылға, автобустың иесі үш жылға түрмеге кесілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG