Accessibility links

АҚШ Польша жеріне салған зымыран қаққыш жүйесін 15 желтоқсанда іске қосады


POLAND-NATO-US-UKRAINE-RUSSIA-WAR
POLAND-NATO-US-UKRAINE-RUSSIA-WAR

Польшаның солтүстігіне салынған Американың зымыран қаққыш жүйесі 15 желтоқсаннан бастап іске қосылады. Мұны дүйсенбіде Польшаның премьер-министрі Матеуш Моравецкий хабарлады. Оның сөзін "Америка дауысы" жариялады.

Америка базасы Калининградтан 250 шақырым жерге орналасқан. Базада SM-3 маркалы 24 зымыран мен зенит жүйесі бар.

Американың зымыран қаққыш Aegis ("Иджис") жүйесі 2016 жылы Румынияға салынған.

Польшада қазір Американың 10 мың әскері бар. Баллистикалық зымыранды қағып түсіретін АҚШ-тың Aegis жүйесі Польша мен Румыниядан өзге Испаниядағы АҚШ эсминецінде тұр.

Ресей билігі АҚШ-тың Еуропадағы әскери базаларын өзінің қауіпсіздігіне төнген қатер деп бағалайды. Мәскеу "Еуропадағы база тек қана зымыраннан қорғаныс жүйесі ретінде емес, орта қашыққа ұшатын Tomahawk ("Томагавк") қанатты зымыранын ұшыруға да пайдаланады" деп есептейді. Ресей оған жауап ретінде Калининград облысына оперативті-тактикалық "Искандер" кешенін орналастырған. Мұны Францияның халықаралық радиосы (RFI) жазды.

АҚШ Еуропаға ораналастырған зымыран қаққыш жүйесін "қорғанысқа арналған, ондағы аз ғана зымыран Ресейдің әскери-стратегиялық әлеуметіне әсер етпейді" деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG