Accessibility links

Вице-премьер Роман Скляр Қазақстанда ірі коммуналды апат болмайды деп уәде берді


Роман Скляр
Роман Скляр

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр үкімет елде ірі коммуналды апаттарға жол бермейді деді. Бұл жөнінде ҚазТАГ агенттігі мәлімдеді.

"Шағын аудандарда, қалаларда жылумен қамтамасыз ететін қазандықта ірі апаттар болмайды деп сендіре аламын. Мәселені бақылауда ұстап отырмыз. Жылулықтың бәрі қыс мезгіліне дайындыққа сай қалыпты жұмыс істеп жатыр", - деді Скляр 12 желтоқсанда брифингте.

Оның сөзінше, апаттар немесе технологиялық ақаулар желілерде болуы мүмкін, себебі "бұл проблемалар ондаған жылдар бойы қордаланып қалған".

"Ол проблемаларды 1-2 жылда шешу мүмкін емес. Бюджет, тариф мүмкіндіктері шектелген. Бірақ коммуналдық қызметтер мемлекеттік органдардың қолдауымен ондай апаттардың белгіленген мерзімде жоюға мүмкіндік береді", - деді Скляр.

Суық түскеннен кейін Қазақстанның кемінде жеті аймағында жылу электр орталықтарында (ЖЭО) апат болып, мыңдаған адам жылусыз қалды. Атырауда бір тәуліктен бері су берілмеді. Энергетика министрлігі Екібастұз, Ақтау, Көкшетау және Теміртау қалаларының жылу беру жүйелерінде проблемалар бар екенін растап, мәселені шешу жұмыстары жүріп жатқанын білдірді. Жергілікті тұрғындар жылу берілмей жатқанын, тастай суық үйлерде тұрып жатқанын айтқан.

Бірнеше өңір жылусыз қалды. Министрлік мойындады, Тоқаев тапсырма берді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:53 0:00

Былтыр қарашада Екібастұз қаласында жылу электр станциясында апат болып, жүздеген үй мен әлеуметтік нысандар аязды күндері жылусыз қалған. Бұл оқиғадан кейін жылу желілерінің ескіргені айтылып, инфрақұрылымды модернизациялау үшін тарифтерді қымбаттату қажеттігі айтылған. Биыл жылу нысандарын жөндер үшін бюджеттен 37 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG