Accessibility links

АЕ/АР Алсу Құрмашеваға тағылған жаңа айыпқа байланысты мәлімдеме жасады


Алсу Құрмашева
Алсу Құрмашева

13 желтоқсанда Ресей тергеушілері АЕ/АР-ның Татар-Башқұрт қызметінің тілшісі, Америка журналисі Алсу Құрмашеваға қарсы тағы бір қылмыстық іс ашты. Ол биыл қазан ортасында Қазан қаласында негізсіз ұсталған.

"Шетел агенті" мәртебесімен байланысты жалған айыптаудан кейін Құрмашеваға Қылмыстық кодекстің соғыс туралы ақпарат тарату туралы бабына сәйкес айып тағылған. 11 желтоқсанда журналистің "Нет войне" кітабына байланысты оның үстінен "Ресей армиясы туралы жалған ақпарат тарату" бабы бойынша үшінші қылмыстық іс қозғалды. Екі бап бойынша кінәлі деп танылса Құрмашева 15 жыл түрмге кесілуі мүмкін.

"Алсуға қосымша айып тағу туралы Ресей билігінің шешімін кесімді түрде айыптаймыз" деді АЕ/АР медиакорпорациясының президенті міндетін атқарушы Джеффри Гедмин.

"Журналистика қылмыс емес. Бұл қатігез қудалауды доғару керек" деді ол.

Алсу Құрмашева отбасынан жырақ жерде әділетсіз қамауда отырғанына сегіз апта болды.

Алсу Құрмашева күйеуі және екі кішкентай қызымен Прагада тұрады. Ол қарт анасына көмектесу үшін Ресейге биыл мамыр айында барған. Маусым басында Прагаға ұшар кезде Ресей билігі одан төлқұжатын тартып алып, Қазаннан ұшуына рұқсат бермеген. Содан бері оның үстінен үш қылмыстық іс қозғалды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG