Accessibility links

Қырғыз-тәжік шекарасының тағы 47 шақырымы келісілді


Қырғыз және тәжік жағы шекараны анықтау жөнінде құжатқа қол қойып жатыр.
Қырғыз және тәжік жағы шекараны анықтау жөнінде құжатқа қол қойып жатыр.

Қырғызстан мен Тәжікстанның топографтары қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының тағы 47,05 шақырымы бойынша ортақ келісімге келді. Бұл туралы қырғыз үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

8-14 желтоқсан аралығында Баткен қаласында топографтар жұмыс топтарының қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау бойынша кезекті кездесуі өтті.

Жүздесу қорытындысы бойынша хаттама қабылданды.

Шекараның басқа да бөліктерін анықтау жөніндегі келесі жиын Тәжікстанда өтеді.

Қырғызстан үкіметінің мәлімдеуінше, келіссөздер өзара түсіністік пен достық ауанында өткен.

Қырғызстан мен Тәжікстанның 972 шақырымдық ортақ шекарасы бар. 2002- 2020 жылдар аралығында шекараның 519 шақырымы келісілді. Екі елдің президенттері оны растады.

Содан бері көрші елдердің топографтары үнемі кездесіп жүр. Олардың бұған дейінгі келіссөзі биыл қарашаның аяғы мен желтоқсанның басында Тәжікстандағы Бостон елдімекенінде өткен. Сол жолы шекараның 24 шақырымы келісілген.

Қалған даулы жер шекара маңында тұратын екі ел тұрғындары арасындағы жиі шығатын жанжалға жиі түрткі болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG