Accessibility links

Газа секторында ХАМАС тұтқында ұстаған бір азамат пен израильдік екі жауынгердің денесі табылды


Газа секторы
Газа секторы

Израиль әскері Газа секторында палестиналық ХАМАС (АҚШ пен ЕО-да террористік ұйым деп танылған) тобына қарсы операция кезінде ХАМАС тұтқында ұстаған адамдардың бірінің денесін тапты. Бұл жөнінде Израиль армиясы хабарлады.

28 жастағы Элиа Толедано ХАМАС шабуылдайтын күні Газамен шекараға жақын аумақта болған "Нова" музыка фестиваліне қатысқан. 7 қазанда ХАМАС тобы Израильге шабуылдап, 200-ден астам адамды тұтқынға алған еді. ХАМАС-тың шабуылының салдарынан мыңнан адам қаза болды.

ХАМАС тұтқынында болған адамның қандай жағдайда өлгені белгісіз. Оның денесі Израильге әкетілген.

Израиль әскерінің хабарлауынша, Газада 19 жастағы екі әскери қызметкердің денесі табылған: Это Рон Шерман және Ник Бейзер. Олардың мәйіті Израильге әкетілген.

ХАМАС тұтқынында кейінгі мәлімет бойынша, 130-дан астам адам қалған. ХАМАС-тың айтуынша, арасында балалар мен әскери қызмет істейтін әйелдер жоқ. ХАМАС Израиль атысты тоқтатып, түрмеден палестиналық тұтқындарды босатқан кезде ғана оларды қамаудан шығаратынын айтады. Израиль әскері кепілдікте отырған адамдарды босатуға барынша күш салатынын, ХАМАС-ты жойып, инфрақұрылымдарын күйрететінін айтып отыр. Қазір Газа секторының оңтүстігі мен солтүстігінде көшелерде шайқас жүріп жатыр. Израиль жағынан қаза болған әскер саны жүзге жетті. ХАМАС бақылауындағы Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, 7 қазаннан бері шамамен 19 мың палестиналық қаза болған, көбі бала.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG