Accessibility links

Ұлыбритания "Новикомбанкқа" санкция салды


Ұлыбритания үкіметі ресейлік "Новикомбанкқа" санкция салды. Бұл банк "Ростех" мемлекеттік корпорациясы мен Ресейдегі түрлі өнеркәсіп орындарына қаржылай қолдау көрсететін мекеме. Бұған дейін аталған мекемеге АҚШ, ЕО, Австралия, Жаңа Зеландия шектеу қойған.

Британ үкіметінің санкциясы аталған банктің активтерін ел аумағында бұғаттауды қарастырады.

Ұлыбритания билігі сонымен бірге бұрын санкция салынған ресейлік банктерге шектеуді ұлғайтты. Атап айтқанда, Ресейдегі ауыл шаруашылығы банкі, Альфа-банк, ВТБ, Газпромбанком, ВБРР, «Открытие», «Промсвязьбанк», «Уралсибом», МТС-банк, Тинькофф-банктердің "корреспонденттік қатынас пен төлемдерін өңдеуге" тыйым салды.

Мұның алдында қаржы санкцияларын жүзеге асыру жөніндегі британдық басқарма (OFSI) Ресейдің қаржы жүйесінің 90 пайызы Ұлыбритания санкциясына ұшырады деп мәлімдеген. Қазірге дейін британ билігі құны 22,7 млрд фунт болатын (28,9 миллиарда доллар) Ресей активтерін бұғаттаған.

2007 жылы құрылған "Ростех" мемлекеттік корпорациясының мақсаты ресми түрде "жоғары технологиямен шығарылған өнеркәсіп өнімдерін өндіру және экспортына көмектесу" деп түсіндіріледі. "Ростех" құрамында жүздеген кәсіпорын бар, арасында қорғаныс-өнеркәсіп кешендері бар.

Ресей Украинаға басып кіргелі бері Ұлыбритания Ресейдің 1600-ден астам жеке және заңды тұлғаларына санкция салған. Ұлыбритания үкіметі сонымен бірге жүзден астам ресейлік олигарх және 20 банкпен әріптестік орнатқан компаниялардың қызметіне мораторий жариялады.

XS
SM
MD
LG