Ливия жағалауында кемінде 61 мигрант суға батып кеткен. Еуропаға жүзіп бармақ болған қайыққа көп адам отырып, қайық аударылған. Халықаралық көші-қон ұйымының (IOM) хабарлауынша, кемеде кемінде 86 адам болған, көбі – бала.
Ұйымның мәліметінше, жолаушылардың басым бөлігі Нигерия, Гамбия және Африканың өзге елдерінен келген. Аман қалған 25 адам қазір Ливиядағы уақытша тұру орталығында. Оларға медициналық көмек беріліп жатыр.
Ведомство мигранттар мінген қайықтардың жиі апатқа ұшырауына алаңдаушылық білдірген. Африка және Таяу Шығыстан келген азаматтар негізінен Италия, Грекияға жету үшін Жерорта теңізін қайық, катерлармен кесіп өтуге тырысады. Мұндай қайықтарда көп жағдайда құтқару құралдары болмайды.
Көп адам мінген қайықтар көп жағдайда апатқа ұшырайды. Биыл шілдеде Грекия жағалауында мигранттар мінген кеме апатқа ұшырап, жүздеген жолаушы қаза болған. Басым бөлігі – Пәкістан азаматтары. Осы айдың басында осыған ұқсас оқиға болып, 79 адам қаза болған.
Халықаралық көші-қон ұйымының хабарлауынша, 2023 жылы аймақта 2200-ден астам мигрант кеме апатынан қаза болған.
БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің дерегінше, 2023 жылы Ливия және Тунис арқылы 153 мыңнан астам пана іздеген мигрант Еуропаға жеткен.