Accessibility links

Украина қарулы күштерінің қолбасшысы Залужныйдың жұмыс орнынан тыңшы құрылғысы "табылған"


Валерий Залужный
Валерий Залужный

Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужныйдың жұмыс орнынан белгісіз тыңшы құрылғысы "табылған". Мұны "РБК-Украина" мен "Украинская правда" өздерінің дерекөздеріне сүйеніп хабарлады.

Бұл мәліметке қарағанда, құрылғы сенбі күні Залужныйдың жаңа жұмыс орнын таңдаған кезде табылған. Белгісіз үлгімен жасалғандықтан оны орнатқандарды табу қиын.

Тыңшы құрылғысы Залужныйдың айналасындағы әскери қызметкерлер кабинетінен де шыққан.

Украина қарулы күштері бұл жөнінде әзірге пікір айтқан жоқ.

Украина қауіпсіздік қызметі құрылғының жұмыс істемей тұрғанын мәлімдеген, бірақ қылмыстық іс қозғалған.

Украина мен Батыс БАҚ-тары қарымта шабуыл мәселесінде Украина президенті мен Залужныйдың арасында қайшылық бар екенін әлденеше рет жазған. Қарашаның басында The Economist журналы Залужныйдың сұқбатын жариялаған. Сұқбатта ол соғыс тығырыққа тірелгенін айтқан.

Бұл сұқбаттан соң Зеленский "соғыс тығырыққа тірелді" деп санамайтынын мәлімдеп, бірақ жағдайдың күрделі екенін растаған. Екеуі де Батыс жеткілікті қару-жарақ пен әскери ұшақ берген жағдайда табысқа жетуге болатынын алға тартқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG