Accessibility links

"Вёрстка": Ресейде 900-ден аса солдат госпитальды сотқа берген


Украинада соғыс басталғалы 900-ден аса ресейлік солдат госпительдердің үстінен шағым түсірген. Бұл туралы Ресей мен аннексияланған Қырымдағы гарнизон соттарының деректеріне сараптама жасаған "Вёрстка" басылымы хабарлады.

Әскерилер жараланғаны туралы анықтама ала алмай жүргеніне не госпитальдар әріқарай соғысқа жіберу үшін "әскерге жарайды" деген шешім шығаратынына наразы. Басылымның дерегінше, 2022 жылдың наурызы мен 2023 жылдың желтоқсаны арасында кемі 922 жараланған әскери госпитальдарды сотқа берген. Олар әскери-дәрігерлік комиссияның шешімімен келіспейді.

"Әскерилер дәрігерлердің жарақаттарын жеңіл деп бағалап, жараланғаны туралы анықтама бермей отырғанына наразы. Бұл анықтамасыз әскерилер мемлекеттен ақшалай өтемақы ала алмайды. Кейбірі қатты ауырғандықтан әріқарай соғыса алмайтынын айтады" деп жазды "Вёрстка".

Журналистердің дерегінше, сот госпитальдардың үстінен түскен 866 шағымды қарап, тек 35 арызды қанағаттандырған.

Ресей билігі Украинадағы соғыста қанша солдатынан айырылғаны туралы айтпайды. Тек былтыр қыркүйекте 5937 әскериі қаза тапқанын жариялаған. Ал жаралғандар жайлы дерек шықпады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG