Accessibility links

The Blood Gold: Африканың алтынын Кремль миллиардтаған долларға айналдырып жатыр


SUDAN-CONFLICT
SUDAN-CONFLICT

Африка елдерінде өндірілген алтын мен халықаралық рынокқа жылыстатылған алтын соғыс жүргізу үшін Ресейге қажет болып отырған миллиардтаған доллар табуға мүмкіндік берген. Африка-Еуропа қатынастарының сарапшысы Джессики Берлин жетекшілік ететін The Blood Gold сараптама орталығы осында қорытындыға келген.

"Зерттеушілер "Вагнер" әскери жеке компаниясының Африка елдерінен қалай қаржы тауып отырғанын егжей-тегжейлі сипаттаған" деп хабарлайды "Халықаралық француз радиосы"(RFI).

Мали билігіндегі әскери хунтаны қорғау және жиһадшылармен күрес мақсатымен сол елде жүрген Ресейдің 1 мыңға жуық жалдамалысы жергілікті әскерилерден айына 10,8 миллион доллар нақты ақша алады. Бұл мәліметті RFI АҚШ барлау қызметіне сілтеп жариялаған. Хунтаның табысы таукен өндірісіндегі аздаған халықаралық компанияларға байланысты. Оның ішінде Канаданың Barrick Gold компаниясы бар. Бұл компания Балидың басты салық төлеушісіне айналған. 2023 жылдың алғашқы жартысында ғана Бамако билігіне 206 миллион доллар төлеген.

Орталық Африка республикасында "Вагнер" тобы осы елдегі аса ірі Ндассима кенішін игеру құқығын алған. Бұл кеніштің жылдық өндірісі - 290 миллион доллар.

"Вагнер" тобы Суданның алтын сатып алып, өңдеп сататын аса ірі зауытына иелік етеді.

Кремльмен байланысы бар құрылымдардың өте ауқымды сауда-саттығына көптеген дәлел болғанымен Суданның сыртқы саудасының ресми статистикасы Ресейге алтын экспортталмағанын көрсеткен. Алайда CNN алған Суданның орталық банкінің мәліметтері 2021 жылы бұл елде кемі 32,7 тонна алтын жоғалғанын айқындап тұр. Мұның арғы жағында "Вагнер" әскери жеке компаниясы бар.

Ресей жалдамалыларының Африкадағы мұндай табысты бизнесі "Ресейдің соғыс машинасына дем береді", аймақты тұрақсыздандырып, Еуропадан пана сұрайтын босқындарды көбейтеді, және бұл елдерге Батыстың ықпалы азайтады", - деп қорытқан The Blood Gold сараптама орталығы.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG