Accessibility links

Прокуратура Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильмде" аса ірі көлемде қаржы ұрланған деп есептейді


"Қазақфильм" киностудиясының ғимаратындағы тақта.
"Қазақфильм" киностудиясының ғимаратындағы тақта.

Алматы қаласының прокуратурасы Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі жөнінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастағанын хабарлады.

Прокуратура "фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды" деп есептейді.

Биыл, мамырдың 12-сіне Алматыдағы Қабанбай батыр көшесінің бойында орналасқан Шәкен Айманов ескерткішінің алдына "Ұлттық киноға ұлттық менеджер", "Президент Тоқаев! Кино орталығының былықтарына назар аударыңыз!", "Тәуелсіз комиссия құрылсын" деген жазуы бар плакат ұстаған бір топ кинорежиссер мен продюсер наразылыққа шыққан еді. Олар ұсынған жобалары Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының іріктеуінен өтпей жатқанын айтқан.

Наразыларға ұлттық киноны қолдау орталығының баспасөз қызметінің өкілі Жангелді Өмірәлиев келіп, іріктеуден өтпеген жобалар талаптарға сәйкес келмегенін алға тартқан.

Орталық өкілдері таратқан хабарламада киноөндірушілерді жауапсыздығы үшін кінәлап, "кей компаниялар байқау кезінде болашақ жобаларын әдемі сипаттап, қаржы алады. Ал соңында прокаттан ақша таппайтын, көрілмейтін әлсіз фильм шығарады" деген болатын. Орталық мамандарының айтуынша, биыл осы мәселе бойынша сотқа бес шағым түсірілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG