Accessibility links

Қытайдың екі аймағында зілзаладан 100-ден астам адам қаза тапты


Желтоқсанның 19-ына қараған түні Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу аймағының Цзишишань уезінде магнитудасы 6,2 балл зілзала болған. Оған іргелес Цинхай аймағымен қосқанда кемі 111 адам өлген. Мұны Қытайдың мемлекеттік "Синхуа" агенттігі хабарлады.

Қытайдың сейсмология орталығының мәліметіне қарағанда, зілзала дүйсенбі күні 23 сағат 59 минутта (Астана уақытымен - 1:59) болған.

"Синьхуа" агенттігі құтқару жұмыстары басталғанын, куәлердің айтуынша, зілзаладан үй құлап, инфра құрылымдар бұзылғанын, бірнеше елдімекенде электр мен су тоқтағанын жазды.

Еуропаның Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы сейсенбі күні таңертең Қытайдың Шыңжаң өлкесінде магнитудасы 5,2 зілзала болғанын хабарлады. Орталық нүктесі Тұмшық елдімекенінен 109 шақырым жерден өткен.

Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме станциясы 19 желтоқсанда 7 сағат 46 минутта магнитуасы 6 балл зілзала тіркеген. Орталық нүктесі Алматыдан 347 шақырым жерде, Қытаймен шекарадан өткен. Алматыда екі балл зілзала болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG