Accessibility links

Путин Қазақстан, Беларусь және Молдова азаматтарына Ресей азаматтығын беруді жеңілдетті


Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан, Беларусь және Молдова азаматтарына Ресей азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен беру туралы жарлыққа қол қойды.

Мұнан былай үш елдің азаматтарына Ресейде тұрақты тұрғанын дәлелдеудің керегі болмайды және Ресей тарихы мен мемлекеттілік негіздерінен емтихан тапсырмайды. Беларустар орыс тілін білетінін де дәлелдемейді. Қазақстан азаматтары мен Молдова азаматтары орыс тілінен әлі де емтихан тапсырады.

Мамыр айында Ресейдің "Известия" газеті 2023 жылдың басындаРесейде үш миллион шетел азаматы жұмыс істеп жүргенін жазған. "Ведомости" олардың басым көпшілігі ТМД азаматтары деп нақтылай түскен.

  • Ресей азаматтығын алған шетел азаматтары өзгелермен бірдей әскерге шақырылады. Қазан айының соңында Ресей тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин Украинадағы соғысқа барғысы келмейтін, бірақ Ресей паспортын алған мигранттарды азаматтығынан айыруды ұсынған.
  • Биыл көктемде Путин соғысқа барған шетел азаматтарына Ресей азаматтығын жеңілдікпен беру жөнінде жарлыққа қол қойған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG