Accessibility links

Қырғыз парламенті Қырғызстанның мемлекеттік туына өзгеріс енгізетін заңды мақұлдады


1-сурете Қырғызстанның қазіргі туы, 2-суретте қырғыз депутаттары ұсынған жоба, 3-суреттө соңғы нұсқа
1-сурете Қырғызстанның қазіргі туы, 2-суретте қырғыз депутаттары ұсынған жоба, 3-суреттө соңғы нұсқа

Қырғызстан парламентінің конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылыс және сот-құқықтық мәселелер бойынша комитеті 19 желтоқсандағы отырысында Қырғызстан мемлекеттік туына өзгеріс енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Бұл жөнінде Азаттық радиосының Қырғыз редакциясы хабарлады.

Заң жобасына Жогорку кенеш спикері Нұрданбек Шәкиев пен оның әріптесі Ұлан Пірімов бастамашылық еткен. Олар ту дизайнын өзгерту - "өзге елдер де қолданатын пркатика" деп санайды, сондықтан "одан трагедия жасаудың қажеті жоқ" деп есептейді.

Қырғызстан туын өзгерту жөнінде ұсыныс жасағандар "тудағы түңліктің айналасынан шығып тұрған күн шапағы күнбағысқа ұқсайтынын" алға тартқан. Мұны алғаш Қырғызстан президенті Садыр Жапаров айтқан болатын.

Шәкиев пен Пірімовтің ұсынысын 66 депутат қолдап, 8 депутат қарсы болды.

Қырғызстан туын өзгерту туралы депутаттардың идеясы қырғыз әлеуметтік желісінде қызу талқыланған. Көптеген азаматтар билік мұнан маңыздырақ мәселемен айналысқаны жөн деп наразылығын білдірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG