Accessibility links

Өзбекстанда билікті сынаған дәрігер-блогер 7 жылға сотталды


Өзбекстанда мемлекеттік органдардың ісін ашық сынап келген дәрігер-блогер Отабек Ахлиддинов 7 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл жөнінде Озодлик (Азаттықтың Өзбек қызметі) хабарлады.

Ташкенттегі "Эзгулик" құқық қорғау ұйымының төрағасы Әбдірахман Ташановтың айтуынша, Өзбекстанның Қылмыстық кодексінің "Алдау жолымен иелік ету немесе тонау" бабы негізінде қозғалған қылмыстық іс Әндіжан облыстық сотында қаралып, Ахлиддинов кінәлі деп танылған.

Әндіжан облысының Шахрихан ауданы орталық ауруханасында бөлім басшысы болып істеген Отабек Ахлиддиновқа 200 миллион сум (16 мың долларға жуық) жымқырды деген айып тағылған.

Блогер биыл қыркүйек айында ұсталған. Алғаш Ханабад аудандық сотының үкімімен ол 5,1 жылға еркінен айырылған. Кейін прокуратура шағымынан кейін іс Әндіжанда апелляциялық негізде қаралды.

Ахлиддинов "Эзгулик" құқық қорғау ұйымының мүшесі ретінде мемлекеттік органдардың жұмысын сынаған.

"Біздің белсенділер Отабектің ісі бойынша тергеу амалдары мен сот процестеріне қатыса алмады. Бүгін оны этаппен түрмеге жеткізу үшін "Таштүрмеге" әкелді. Адвокаттар Жоғарғы соттан үміт күтеді" деді "Эзгулик" құқық қорғау ұйымының жетекшісі Әбдірахман Ташанов.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG