Accessibility links

Мәскеу соты Бішкекте ұсталып, экстрадицияланған белсендіні түрмеге жіберді


Лев Пономаревтің "За права человека" қозғалысының бұрынғы баспасөз хатшысы Алена Крылова
Лев Пономаревтің "За права человека" қозғалысының бұрынғы баспасөз хатшысы Алена Крылова

Мәскеудің Мещан аудандық соты "Левое сопротивление" қозғалысының белсендісі, "За права человека" ұйымының бұрынғы баспасөз хатшысы Алена Крылованы екі жыл түрмеге кесті. Ол "экстремистік ұйымның ісіне араласқаны үшін" кінәлі танылды.

Белсенді биыл 4 маусымда Қырғызстан астанасы Бішкекте ұсталған. Қудалаудан сескеніп, Ресейде кеткен белсенді Бішкектен босқын мәртебесін сұраған.

Қырғызстанда Крылова әуелі тергеу изоляторына қамалып, бірнеше рет қамау мерзімі ұзартылды. Кейін Ресейге эктрадицияланды.

  • 2021 жылы Ресей билігі "Левое сопротивление" ұйымын "экстремистік қозғалыс" деп танып, оның мүшелеріне қылмыстық істер қозғаған. Былтыр желтоқсанда қозғалыс жетекшісі Дарья Полюдова 9 жылға бас бостандығынан айырылған.
XS
SM
MD
LG