Accessibility links

Украина әскері 8 облыста дрондарды атып түсіргенін хабарлады


"Шахед" дроны.
"Шахед" дроны.

Украина әуе күштері 20 желтоқсанға қараған түні Украинаға шабуылдаған 19 "Шахед" дронының 18-ін атып түсіргенін хабарлады.

Украина әскерінің айтуынша, дрондар Мәскеу аннексиялап алған Қырымнан ұшырылған. Ұшу аппараттары Винницк, Днепропетровск, Киев, Кировоград, Одесса, Херсон, Хмельницкий, Чернигов облыстарында жойылған.

Украина қарулы күштері сонымен бірге Ресей армиясы Харьков облысына Белгород облысындағы ЗРК С-300 кешенінен екі ракета жібергенін хабарлады. Зардап шеккендер жөнінде ақпарат жоқ. Харьков мэрі Игоря Тереховтің айтуынша, атқылаудың салдарынан көлік депосы қираған. "Бұл таза азаматтық нысан" деп хабарлады ол.

Ресей шабуылға түсініктеме бермеді.

XS
SM
MD
LG