Accessibility links

The Insider: АҚШ, Еуропа және Азия компаниялары Ресейді танк жабдықтарымен қамтамасыз етіп жатыр


АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Германия, Италия, Финляндия, Австрия, Сербия, Эстония, Литва және Латвияның бірқатар компаниялары санкцияға қарамастан Ресейдің қорғаныс саласындағы кәсіпорындарына станоктар мен "Прорыв" және "Армат" танкілеріне қажет жабдықтарды тасымалдауын тоқтатпады. Бұл жөнінде The Insider басылымы жазды.

"Прорыв" және "Армат" танкілерін жасаушы "Оралвагонзауыт" компаниясы өндірісте ресейлік кәсіпорындар жеткізген түрлі станоктар мен жабдықтарды қолданып жатыр.

Зерттеуде Италия, Германия, Жапония және өзге елдердегі бірқатар компаниялардың аттары аталады. Мысалы, Италияның M.T.S.R.L. фирмасы Ресейдегі "Финвал" ИПК" компаниясына станоктар тасымалдайды. Ал ол бұл жабдықтарды "Прорыв" танкісінің көздеуішін шығаратын "Вологад оптика-механикалық зауытына" қайта сатады.

Зерттеуде осы сияқты өте көп мысал келтірілген.

Зерттеушілердің мәліметінше, Жапонияның Japan Industrial Trading және Kaga Electronics компаниялары өз өнімдерін (тығыздайтын резина төсеніштер, катод фольга, электролит) Ресейдегі "Элеконд" АҚ -ына жеткізеді. Бұл электролит конденсаторларын өндіру бойынша Ресейдегі жетекші компаниялардың бірі. Оның контрагенттері арасында "Вологад оптика-механикалық зауыты" да бар.

Бұған дейін The Insider басылымы санкцияға қарамастан Ресей әскерін микросхема, снаряд және оқ-дәрімен қамтамасыз еткен Еуропадағы 25 компанияны атаған.

Ресей Украинаға басып кіргелі бері АҚШ және өзге елдер Ресейдің қорғаныс-өнеркәсібін демеуі мүмкін ресурсқа шектеу қою үшін экспорттық бақылау шараларын енгізген. Батыстың соңғы үлгідегі электроникасы мен жабдықтарын Ресейдің әскери өнеркәсібіне тасымалдауға қатысы барларға АҚШ билігі тыйым салып жатыр.

XS
SM
MD
LG