Accessibility links

Досаев өзі жайлы негатив пікір жазғандарды тізімдеу үшін жарияланған тендерді "сыншыларды іздеу емес" дейді


Алматы әкімі Ерболат Досаев. 2022 жылдың сәуірі.
Алматы әкімі Ерболат Досаев. 2022 жылдың сәуірі.

Алматы әкімі Ерболат Досаев БАҚ пен желіде өзінің есімі аталған жазбаларды бақылау үшін тендер жарияланғанын "билік сыншыларын іздеу әрекеті емес" деп мәлімдеді.

"Бұл – билік сыншыларын я әкімдік жұмысына көңілі толмайтындарды іздеу емес. Меніңше, бізде медиа кеңістік толығымен еркін. Бәрі пабликтарда, ютуб-каналдарда, тиктоктарға шығып жатыр. Бәлкім біз бір жердегі мәселені көрмей жатқан шығармыз не дұрыс назар аудармай жатқан шығармыз деп осы сауалнаманы жүргіздік. Бұл – өте пайдалы әлеуметтік сауалнама" деп жауап берді Досаев Азаттық тілшісіне.

Азаттық тілшісі сараптамада қаланың проблемасы емес, қанша позитив я негатив пікір жазылғаны туралы есеп пен авторлардың тізімі барын айтқанда әкім "Маған түрлі сұрақтар болады. Ондай бірнеше адам бар, бір оларды жанкүйерлер деп атаймыз. Бір адам 300-400 сұрау салуы мүмкін. Сондықтан біз осыларға қарап, жұмыс істейміз. Егер адамдар негатив жаза бастаса, біз жұмыс істеп, мәселені іздей бастаймыз" деп жауап берді.

Бұған дейін Ras aitamyn телеграм каналы Алматы әкімдігі Досаев туралы позитивті және негативті пікірлерді аңдып отыру үшін тендер жариялағанын жазған.

Әкімдік Азаттық, Airan, Бәсе, Гиперборей, Jurttyn balasy сынды медиалар мен ютуб-каналдарды "негатив" тізіміне қосқан. Бұл жұмысқа бюджеттен 5,1 млн теңге бөлінген. Желі қолданушылары әкімдіктің пікірлерді аңдуға осыншама ақша бөлгенін сынады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG